{metadescription}
Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Ұлыбританияның Пензанс қалашығында теңіз балығы ер адамға жоғалтқан неке жүзігін табуға көмектесті. 

19 қазанда 44 жастағы Дэн Левин Баттери Рокс мүйісінің аумағында жүзіп жүрген. Ер адам әдетте теңізге түсер алдында неке жүзігін шешіп қоятынын айтады. Алайда сол күні дәл осы әдеті естен шығыпты. Осылайша, шамамен 400 метр қашықтықты жүзіп өткен ер адам жағаға қайтып оралғанда жүзігінің жоқ екенін көреді. 

«Мен Facebook-те жазба жариялап, жергілікті тұрғындардан неке жүзігімді тауып алған жағдайда қайтарып беруін сұрадым. Алайда оның табылатынынан аса үміттенбедім. Сол үшін қатты уайымдадым. Себебі Уна (жұбайы – ред.) жүзіктің дизайнын өзі жасаған еді. Біздің отасқанымызға 13 жыл болды. Жүзігімді жоғалтып алғанымды айтқанда, ол мұңайып қалды», - дейді Левин.

Ертесі күні ерлі-зайыпты Гари мен Эмма Спайрс мүйісте серуендеп жүріп, әлдененің шолп еткен дыбысын естіпті. Назар аударса, судың бетінде кішкентай қара балық шоршып жатқан. 

«Гари тізерлеп отырып, сол жерге үңілгенде, мүйістің су астындағы бөлігінде жарқырап жатқан жүзікті көрген. Егер сол балық болмаса, ол жүзікті байқамайтын да еді», - дейді Левин.

Мұнан кейін Гари тауып алған жүзіктің суретін жоғалған заттарға арналған топта жариялаған. Біраз уақыттан соң Дэннің достары жарияланымды көріп, бұл туралы оған айтады. Анықталғандай, Спайрс Левин мен жұбайының достарының әкесі болып шықты.

«Менің жазбамды бөліскен желі қолданушыларына, сонымен қатар Гари, Эмма және кішкентай балыққа алғыс білдіремін», - деп жазды ер адам.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде