{metadescription}
Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды

Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды

Ұлыбританиялық Эссексте жүк көлігінен 39 адамның денесі табылды.

23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылды.

"Апаттық қызмет оқиға орнына жетті. 39 адам өлі табылды. Оның 38-і ересектер, біреуі - жасөспірім", - делінген полицияның ресми хабарламасында. 

Адам өлтірді деген күдікпен жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Солтүстік Ирландия тумасы ұсталды. Жүк көлігі жексенбіде Болгариядан келіп, Ұлыбританияға кіргені анықталды.

Эссекс округтік полиция департаменті директорының орынбасары Пиппа Миллстің айтуынша, түнгі сағат 1:40 шамасында жедел жәрдем қызметі полиция бөлімшесіне қорқынышты жағдай туралы хабарлады. Оқиға орнына дәрігерлерді кім шақырғандығы әзірге белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде