{metadescription}
Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны 4 жылдың ішінде 215 келі салмақ тастап, үлкен қашықтыққа жүгіруді әдетке айналдырған.

Оның мұндай қадамға баруына «өліп қаламын» деген қорқынышы себеп болыпты. 2015 жылы Карлос Оросконың салмағы 295 келі болған. Ол осы жылы дәрігерлерге жүгініп, жағдайының нашарлағанын айтыпты. 39 жастағы ер адам буынның ұстамалы ауруы, қан қысымының жоғарылауы, аяғындағы жаралар мен целлюлиттен зардап шеккен. Дәрігерлер оған ішімдік ішуін және зиянды тағамдарды көптеп жеуін тоқтатпаса, 40 жасқа жетпей өліп кетуі мүмкін екенін айтыпты. 

Мұнан кейін Ороско артық салмақтан арылу үшін ота жасатқысы келген. Алайда дәрігерлер оған бірінші кезекте өздігінен арықтауға тырысып, өмір салтын өзгертуге кеңес беріпті.

«Клиникадан шығып, көлігімнің капотына отырып, еңіреп жылап жібердім. Көпке дейін тыныштала алмадым. Сол кезде алғаш рет өліп қаламын ба деп қорықтым. Оған қоса әпкем босануы керек еді. Оның баласының өскенін көре алмаймын ба деп уайымдадым», - дейді ол.

Мұнан кейінгі бір жарым жыл ішінде Ороско өздігінен 45 келіге арықтаған. Ол фастфуд, қуырылған тағам, ұн өнімдері, газды сусындар мен ішімдіктерден толықтай бас тартып, көп серуендеген. 

2016 жылдың желтоқсан айында ер адамға ота жасалып, мұнан кейін диетасын жалғастырып, белсенді түрде жаттыға бастайды. 2017 жылы ол алғаш рет 5 шақырым қашықтыққа жүгіруге қатысып, осылайша, жүгіруге деген құштарлығы оянған. 

«Жарыстардағы көпшіліктің қолдауы мені жігерлендірді», - дейді Ороско.

Содан бері америкалық азамат жүгіруден 32 жарысқа қатысқан. Ол 2019 жылдың 20 қазанында Детройттағы өзінің алғашқы марафонында болып қайтты. Қазіргі уақытта ер адамның салмағы – 80 келі. Егер жақындарым қолдамағанда, мұндай жетістікке жете алмайтын едім, дейді ол.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.