{metadescription}
Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

Түркістан облысының Келес ауданында 13 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті.

Қазір 7-сыныпта оқитын Дияр Мұхамединді ауылдастары мен полицейлері ідестіріп жатыр. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Келес аудандық полицияға 2006 жылы туған жасөспірімнің жоғалғаны туралы анасы арызданған

"2019 жылдың 21 қазанында күндіз 13 сағат шамасында Мақтаарал ауданы Атакент қаласында Дияр белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмаған. Кәмелетке толмаған баланың белгілері: Бойы 160-165 см, қара шашты, қара көзді, арықша келген. Сұр түсті суреті бар қара спорттық киімде болған, қара шалбар және қара туфли киген", - делінген полиция хабарламасында.

Түркістандық полицейлер Дияр Ерболұлы Мұхамединді көрген білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндерге тез арада полицияға 8 7253 23-03-68, 8 7253 23-06-59 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде