{metadescription}
Дубайда 1 миллион доллар ұтып алған қазақстандық ақшасын алып кетпеген

Дубайда 1 миллион доллар ұтып алған қазақстандық ақшасын алып кетпеген

Қазақстандық Дубайда лотереядан миллион доллар ұтып алды, бірақ ұйымдастырушылар сәтті билеттің иесіне хабарласа алмай отыр.

Қазақстандық Хуссейн Еремешев Dubai Duty Free дүкені өткізген лотереядан бір миллион доллар ұтып алды. Бірақ жеңімпаздың өзі бұл қуанышты жаңалықты білмейді, өйткені ұйымдастырушылар қазақстандыққа хабарласа алмай отыр. Еремешев 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі билетті дүкеннің сайтынан сатып алған. Билеттің құны – 272 доллар.

Басылымның хабарлауынша, қазақстандықтан бөлек тағы бір жеңімпаз анықталды, ол – 56 жастағы 30 жылға жуық Дубайда тұратын Үндістанның тумасы Камаласанан Надар Васу. Ер адам ұтып алған ақшасын қарызын жабуға, бизнесін дамытуға және демалуға жұмсамақшы. Жолы болған тұрғын металл конструкциясы өндірісімен айналысады, сегіз жылдан бері лотерея ойнайды екен.

Ақшалай ұтыстан бөлек, автокөліктер мен мотоциклдер ойнатылған. BMW 750 Li xDrive Sports көлігін Ұлыбританияның 45 жастағы тұрғыны Халат Рауф Азиз иеленді, ол - құрылыс компаниясының бас директоры. Ал 42 жастағы Үндістанның тұрғыны Файзаан Кадер Шейх Aprilia Shiver мотоциклін ұтып алды.

Оман азаматы Мехрин Ниаз Indian Scout Bobber мотоциклін жеңіп алса, автобус жүргізушісі болып істейтін тағы бір үндістандық Aprilia Tuono RR мотоцикліне ие болды. Айта кетсек, бұл қазақстандықтардың алғашқы ұтысы емес, 2015 жылы Омар Самаликов лотереядан 1 миллион доллар жеңіп алған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде