{metadescription}
Батырғали Әбілмансұр каратэден Әлем чемпионы атанды

Батырғали Әбілмансұр каратэден Әлем чемпионы атанды

Чилиде каратэден жастар арасындағы Әлем чемпионаты жалғасуда.

Қазақстан қоржынына алғашқы «алтын» мен бір қола медаль түсті. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Батырғали Әбілмансұр қарсылас шақ келтірмеді. 67 келіге дейінгі салмақ санатында (U-21) өнер көрсеткен ол Аустралия, Ресей, Бразилия, Марокко және Түркия елдерінің спортшыларынан басым болды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Еркінбек Байтөреев өз титулын қорғай алмай, ширек финалда грек спортшысы Ксенос Стефаносқа есе жіберді. К.Стефанос кейін әлем біріншілігінің жеңімпазы болды. Байтөреев «қола» үшін жекпе-жектерде Үндістан мен Черногриядан келген каратэшілерді сеніммен жеңе алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде