{metadescription}
Қуат Хамитов октагонға оралды

Қуат Хамитов октагонға оралды

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі октагонға оралатынын жария етті.

«14 желтоқсан. Сочи. Қуат Хамитов (20-6) vs Руслан Тедеев (12-2)», - деп жазды қазақстандық спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Ресейлік Руслан Тедеев кәсіпқой карьерасын 2016 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін GT, ICFC, Union of Mixed Martial Arts турнирлеріне қатысып, бірнеше мәрте жеңіске жеткен. Кхас-Магомед Ыусупов, Экпер Гаджикперов, Эдриан Греч қатарлы файтерлерге қарсы айқас өткізген, деп жазады ҚазАқпарат. Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың басында әзербайжандық Нариман Аббасовпен өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде