{metadescription}
Ер адам балабақшаға кіріп, бүлдіршінді бауыздап тастады

Ер адам балабақшаға кіріп, бүлдіршінді бауыздап тастады

Ресейде ер адам балабақшада алты жасар баланы өлтірді.

Тергеу комитетінің мәліметінше, Нарьян-Мар қаласында орналасқан балабақшада ер адам тынығатын уақытта алты жасар баланы пышақтап тастаған. 36 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында ұсталды, ол мас болған. Неге бұлай жасағаны әзірге түсініксіз. Ұсталған азамат оған баланы өлтіруге шайтанды бұйырғанын айтты.

Күдіктінің түсіндіруінше, оның басындағы дауыстар оны қылмыс жасауға итермелеген. Күдікті бөлменің бұрышында жатқан балаға шабуыл жасады. Өлтіруші баланың тамағын кесіп тастады.

Балабақша күзетшілері ер адамды ата-аналардың бірі деп ойлап, жайбарақат ішке кіргізіп жібергені хабарланды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіру туралы қылмыстық іске қоса, немқұрайлылық танытқан балабақша қызметкерлері мен күзетшілеріне қатысты іс қозғалды.

Күдікті 3 жылдан бері аудандық ауруханада наркологпен емделген. Ол галлюцинацияның басталуына байланысты балабақшаға кірген. Ер адамды тергеушілер жауапқа тартуда. Күдіктінің фотосы да жарияланды.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде