{metadescription}
Алматыда қойма өртенді: 50-ге жуық адам жабылып жатып өшірді

Алматыда қойма өртенді: 50-ге жуық адам жабылып жатып өшірді

Алматы қаласында құрылыс заттары сақталған қойма өртке оранды.

6 қараша күні сағат жеті жарымға таман ТЖД күші Алмалы ауданы Қарасай батыр мен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы өртке оранған қоймайлардың біріне жұмылдырылды. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар құрылыс заттары сақталған қойманың жанып жатқандығын анықтап, дереу сөндіруге кіріскен. Қоймаға жанында орналасқан басқа да нысандардың жақын болуынан өртті сөндіру қиынға соғыпты. Өрт орын алған қоймадан бір газ баллоны мен 20 литр жанғыш заты бар канистра шығарылған.

Өрт сөндірушілердің шұғыл жұмыстарының арқасында от қойманың жанындағы тұрғын үй мен сауда бутиктеріне ауысуын алдын алуға мүмкін болды. Тілсіз жау 20 минуттың ішінде сөндірілді. Оқиға орнына 48 құтқарушы, 10 техника бірлігі мен 3 «Боран» полиция департаментігінің жарағы жұмылдырылған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.