{metadescription}
Петропавлдық жігіт жолдың қақ ортасына тұрып алып билеген

Петропавлдық жігіт жолдың қақ ортасына тұрып алып билеген

23 жастағы Петропавл тұрғыны көлікке арналған жолдың тура үстіне тұрып алып билей бастаған.

Жігіттің бұл қылығы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Видеороликте ер азамат өзінің биімен өтіп жатқан көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Кейіннен биші жігітті тәртіп сақшылары ұстамақшы болады, алайда ол олардан қаша жүруп, биін жалғастыруды ұмытпайды. Біраз уақыттан кейін көше бишісін 3 полиция қызметкерлері ұстап үлгерген. 

«102 арнасына бейтаныс біреудің «Океан» сауда үйінің маңында жол үстіне шығып алып орындаған біртүрлі қылықтары туралы хабар келді, Оқиға орнына келіп жеткен сақшылар 1996 жылғы Петропавл тұрғынын ұстаған. Жедел жәрдем қызметі де қажет болды. Қазіргі таңда жігіт қаланың емханаларының біріне жеткізілді», - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттігінің баспасөз қызметкері Динара Сағындықова.  

Әлеуметтік желі қолданушылардың биші туралы ойы екіге бөлініпті: біреулер оның бұл әрекетін орынсыз деп санаса, екіншілері оны есірткі пайдаланғаны мүмкін екендігін айтты. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.