{metadescription}
Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды

Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды

Қайғылы оқиға туралы психиатр, дәрігер Жібек Жолдасова Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Менің балам мен жолдастары кеше сұмдық оқиғаның куәсі болды. Олардың көз алдарында жасөспірім құрдастары қайтыс болып кетті. Жаттығу кезінде болған. Баламның айтуынша, ол күні аса көп ­жаттығу болмаған. Жас бала жүрек тұсын ұстаған күйінше құлап түскен. Екі жедел жәрдем бригадасы келіп, өмірін арашалап қала алмады», - делінген жазбада.

Оның айтуынша, жаттығуға шамамен 13-15 жастағы балалар қатысқан. Олардың барлығынан денсаулығына қатысты анықтама алынған.

«Барлық баладан анықтама алынды. Біз жүрек УЗД қорытындысын да тапсырдық. Аяқ астынан болған өлім - ата ана үшін орны толмас қайғы. Кеше ғана жүгіріп жүрген бала еді», - деді ол.

Қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем жеткенше жан тәсілім еткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.