{metadescription}
Павлодарлық әйел 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлын Ресейден тапты

Павлодарлық әйел 12 жыл бұрын жоғалтқан ұлын Ресейден тапты

Павлодардық Ресейдегі Қазақстан консулының жеке қабылдауына кіре алмапты.

Ал арнайы мекеменің қызметкерлері ұлына жаңа құжат жасауға 6 ай уақыт кететінін айтқан. 66 жастағы павлодарлық әйел 12 жылын жоғалып кеткен ұлын күтумен өткізген. Тұрғынға баласын қайтаруға өңірдегі полиция қызметі көмектесті. Осыдан 12 жыл бұрын Шарипа Сәлімханова баласын іздеуге кіріскен. Ұлының тұрақты жұмысы болмаған. Ал 2012 қылмыс жасаған. Қылмыстық қудалаудан қорыққан жігіт заңсыз Ресей шекарасын кесіп өтіп, жасырынған. 

Осы уақыт аралығында анасы күдер үзбей, баласын табуға тырысыпты. Ол қос елдің шекара қызметінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен, полициядан көмек сұраған. Алайда, павлодарлық әйел ұлынан 7 жылдан соң, яғни 2019 жылы хабар алыпты. Оның баласы Барнауыл қаласындағы арнайы мекемеде қамауда болған. Шарипа Сәлімханова ұлын алып кету үшін сол жаққа аттанды.

Алайда, баласын Қазақстанға әкелу оңайға соқпапты. Себебі, оның жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Павлодардық Ресейдегі Қазақстан консулының жеке қабылдауына кіре алмапты. Ал арнайы мекеменің қызметкерлері ұлына жаңа құжат жасауға 6 ай уақыт кететінін айтқан. Мұны естіген әйел Павлодар облысы Полиция департатаменті көші-қон басқармасынан көмек сұрады. Олар Омбы қаласындағы Қазақстан елшілігіне хабарласқан. 

Қазақстан елшісі Тәуекел Сәкен 2 аптаның ішінде бұл мәселенің шешімін тауып, павлодарлық әйелдің ұлы Жантасқа елге қайтару туралы куәлік берген. Ал Павлодар облысы көші-қон басқармасы жігітке жеке басын куәландыратын құжатты қалпына келтіруге көмектескен. Ол 30 қазан күні құжатты қолына алды. Жантас полицейлерге шексіз алғысын білдіріп, заңды бұзбауға уәде берді.

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.