{metadescription}
Жоғалған қызды іздеу кезінде жантүршігерлік қылмыс ашылды

Жоғалған қызды іздеу кезінде жантүршігерлік қылмыс ашылды

Құқық қорғау органдарын шатыстырып, шын мәнінде не болғанын жасыру үшін еркек пен әйел өз балаларының жоғалуын қолдан ұйымдастырған.

Өзбекстанның астанасы Ташкентте ата-ана өздерінің бес жасар қызын аяусыз ұрып өлтірді.

"4 қараша күні А. В. деген азамат құқық қорғау органдарына Бектемір ауданында орналасқан Compass сауда кешенінде қызы Д. К. жоғалып кеткенін хабарлаған. Ташкент қаласының прокуратурасы мен ішкі істер бас басқармасы жедел тергеу тобын құрып, қызды табу үшін дереу барлық қажетті шараны қабылдады", - делінген хабарламада.

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған. Құқық қорғау органдары қызды күні бойы іздеп таппаған соң, оны өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам жасайды. Нәтижесінде 25 қазан күні ерлі-зайыпты Сергели ауданындағы жалға алынған пәтерде ішімдік ішіп, түнгі сағат үштің шамасында баласын қасақана ұрып өлтіргені анықталды.

"Олар қылмысты жасырып, жазадан жалтару үшін мәйіттен құтылуды ұйғарған. Сол күні таңертең оны жол сөмкесіне салып, Ташкент облысының Бостандық ауданында орналасқан жалға алынған саяжайға апарып, өртеп жіберген. Ал толық жанбай қалған сүйектерді қапқа салып, Шыршық өзеніне лақтырып жіберген", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарын ізден адастырып, шын мәнінде не болғанын жасыру үшін еркек пен әйел өз балаларының жоғалуын қолдан ұйымдастырған. Ресми ақпарат бойынша, оқиға болған жерді тексеру барысында Д.К. мәйітінің қалдықтары табылып, айғақ зат ретінде алынды. Қозғалған қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге күдікті ретінде А. В. мен М.Ф. қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.