{metadescription}
БҚО-да із-түзсіз кеткен 22 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

БҚО-да із-түзсіз кеткен 22 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз кеткен 22 жастағы қыз іздестірілуде.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 4 қараша күні шамамен сағат 09.00-де Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88-мекенжайындағы үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Үстіне капюшоны бар қызыл пальто, көк түсті джинсы, қара кофта, аяғына қоңыр етік киген. Бойы - 170 см, салмағы - 60 кг, шашы - қара, ұзын. Құндыз Мұратқызының қайда жүргенін көрген-білгендер болса, 102 немесе 8-778-544-44-34 телефонына хабарласуына болады.

Еске сала кетейік, Алматыда жаттығу кезінде жасөспірім бала көз жұмды.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.