{metadescription}
Баласына үй жұмысын түсіндіріп отырған әйел инфаркт алған

Баласына үй жұмысын түсіндіріп отырған әйел инфаркт алған

Қытайда баласына үй жұмысын түсіндіруге тырысқан әйел ауруханаға түсті.

Әйел миокард инфарктісін алған. Оқиға Қытайдың Хубей қаласында болды. 36 жастағы әйел ұлына тапсырманы бірнеше рет түсіндірген. Бірақ бала мүлдем түсіне алмапты. Сол кезде әйел кенет өзін жайсыз сезінген.

"Мен өте қатты ашуландым. Жүрегім дүрсілдеп соға бастады. Дем алу қиындап кетті", - деді әйел.

Әйелінің жағдайын көрген күйеуі бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер миокард инфарктісі деген диагноз қойды. Кейін әйел баласына жиі ашуланатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдай болатынын күтпеген.

Миокард инфарктісі - жүрек сырқаты. Инфаркт кезінде кеуде тұсы, сол жақ қол, иық пен мойынның сол жағы ауырады. Ешбір себепсіз қорқыныш сезімі пайда болуы мүмкін.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.