Бішкек орталығында 3 ірі жарылыс болды
Шамамен 13: 38-де алғашқы жарылыстың дауысы естілген, біраз уақыттан кейін екі жарылыс болды.
16:09 08.11.2019
Шу мен Еркіндік даңғылы қиылысында бірнеше жарылыстың дауысы естілді. Агенттіктің мәліметінше, «Антошка» фаст-фуд желісі өртеніп жатыр. Жарылыс видеосының алғашқы легі желіде тарай бастады. Жалын тез тамақтану желісін жалмап, көршілес кафелерді жағалаған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де, дәрігерлер де бар.
Шамамен 13: 38-де алғашқы жарылыстың дауысы естілген, біраз уақыттан кейін екі жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына екі өрт сөндіру тобы келгенін хабарлады. ТЖМ хабарлағандай, сағат 14: 08-де жалын өшірілді. Өртті түпкілікті өшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 8 адам жарақаттанған. Бірақ орталықтың бас дәрігері шамамен 10-12 адамның жарақаттанғанын айтып отыр.
«Зардап шеккендерге қатысты нақты ақпарат жоқ. Зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға, үшеуі балалар ауруханасына жеткізілді», - деді Искендер Шаяхметов.