{metadescription}
Қарағандыда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Қарағандыда полицейлер 9-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

8 қараша күні 102 телефонына қала тұрғыны хабарласып, Сатыбалдин көшесі, 18-үйдің 9-қабатынан белгісіз азаматшаның секірмек болғанын айтқан.

Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, көпқабатты үйдің шатырына көтерілген. Бұл кезде қыз балконның шетінде отырған екен. Полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат уақыт ұту үшін қызбен сөйлесе бастайды. Осы кезде сержант Бекзат Омашев шатырдың шетіне жақын келіп, өз өмірін қатерге тігіп, балконның шетіне секірді. Осылайша, ол жас қызды ұстап қалды. 

Полиция қызметкерлерінің әйелді құтқару оқиғасын бастан-аяқ көрші үйдің тұрғыны Наталья Айнабекова бақылап, видеоға түсіріп тұрған және полиция қызметкерлеріне хабарласқан да осы кісі екен. Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы келіншектің бұл әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта келіншекпен психологтар жұмыс істеуде.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.