{metadescription}
Шымкентте жұмысшыларды топырақ басып қаза тапты

Шымкентте жұмысшыларды топырақ басып қаза тапты

Шымкентте шұңқырды қазу кезінде топырақтың опырылып түсуінен екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 8 қараша күні Қаратау ауданындағы Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылында болған. Сағат 20.54-те құтқарушылардың пультіне хабарлама келіп түсті. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тоғыз қабатты үйге 25 метрлік тереңдікте шұңқыр қазу кезінде қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан шұңқырды қазып, тегістеп жатқан үш техника (1 жүк тиегіш, 1 кран және 1 жол тегістейтін каток) жүргізушілерімен бірге үйіндінің астында қалған. Құтқару жұмыстарына ТЖД (40 қызметкер, 11 техника), жергілікті атқарушы орган (10 жұмысшы, 2 техника), ПД (15 қызметкер, 2 техника), «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС (35 жұмысшы, 2 техника), «103»қызметі (4 қызметкер, 2 техника) жұмылдырылды. Құтқарушылар бір техниканы шығарып, оның жүргізушісі аман қалды.

«ЮгСтройСервис-Н» ЖШС-на қарасты көп қабатты тұрғын үйдің ірге тас шұңқырын қазу кезіндегі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 1993 ж.т Т. Төлебаевқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық-емханалық ем тағайындалды. Ал, үйінді астында қалған 1969 ж.т Б.Қалжігітов пен 1965 ж.т. Е. Орынбаев оқиға орнында көз жұмды. Шұңқырдың жалпы көлемі 1369 шаршы метр, тереңдігі 20-25 метр.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 40 қызметкері мен 11 бірлік техника, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем және ЖШС жұмысшылары жұмылдырылды. Қазіргі таңда құрылыс алаңында тексеру шаралары жүргізіліп, қайғылы жағдайдың себеп-салдары анықталуда.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде