{metadescription}
Жаңаөзенде көпқабатты үйдің жертөлесінде екі жұмысшы қайтыс болды

Жаңаөзенде көпқабатты үйдің жертөлесінде екі жұмысшы қайтыс болды

Жаңаөзенде үйлердің бірінің жертөлесінде кәрізді жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты.

Желіде тарап кеткен видеода оқиға болған жерде жедел жәрдем жүр. Және қайтыс болғандардың бетін шүберекпен жауып қойған.

Маңғыстау облысының коммуналды қызметі оқыс оқиға 8 қарашада  №2 Самал шағынауданында болғанын хабарлады. Қайтыс болғандар қалалық коммуналды компаниясының қызметкерлері. 

"Марқұмдардың кім екені анықталды. Бұл іс Жаңаөзен әкімі Мақсат Ибагаровтың қарауында", - деді аймақтық коммуникациялар қызметі.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.