{metadescription}
Наразылық кезінде полиция кем дегенде 10 адамды атып тастады

Наразылық кезінде полиция кем дегенде 10 адамды атып тастады

Ирактың қауіпсіздік күштері Бағдадтағы наразылық шеруі кезінде кем дегенде алты адамды, ал Басрада төрт адамды атып тастады.

Денсаулық сақтау саласы мен полициядағы дереккөздер мәліметтеріне қарағанда, қақтығыс кезінде ондаған адам зардап шеккен. Наразы топ басқарушы элитаны биліктен кетіруге талпынып жатыр.

Бағдадта қауіпсіздік күштері Шухад көпірі ауданында шерушілерге қарсы қару қолданды. Мұнда шамамен 35 адам жараланған. Полиция Тигр өзенінің батыс жағалауына апаратын көпірден шерушілерді өткізбей қойды. Батыс жағалауда үкімет ғимараттары орналасқан.

Ирак мұнай өнеркәсібінің орталығы - Басра қаласында шерушілерге оқ атылды. Мұнда тұрғындар наразылығын күнде алаңда отыру арқылы білдіріп жүр. Полиция шабуылынан кем дегенде төрт адам қаза тапты. Ирактың оңтүстігіндегі басқа да аудандарда, соның ішінде Умм-Каср портында қақтығыс болған. Мұның барлығы ел экономикасына кері әсер етіп жатыр.

Дереккөз: centralasian.org

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.