{metadescription}
Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтаған сәбиді аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлер жүрегі тоқтаған сәбиді аман алып қалды

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға 27 қазан күні болған.

Сәбидің анасы аскөк сорпасын берген кезде, сұйықтықты іше алмаған нәресте бірден шашалып қалған. Содан бет аузы көгере бастапты.

«Перзентінің ауыр жағдайын көрген анасы бірден 103-ге хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің тыныс алмай жатқанын көреді. Тіпті оның тірі екенін дәлелдейтін белгілері байқалмаған. Осыдан кейін дәрігерлер бірден реанимациялық шараларды жасауға кірісіп, баланың өкпесін судан тазартқан. Жасанды тыныс алдыру әрекетін жасап, арада 3 минут өткеннен кейін сәбидің жүрек соғысы пайда болған. Артынша тыныс алуы қалпына келді», - делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі кезде бір айлық сәбидің жағдайы жақсы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.