{metadescription}
Ақмолада жүріп келе жатқан көліктің тіркемесі өртеніп кетті

Ақмолада жүріп келе жатқан көліктің тіркемесі өртеніп кетті

Ақмола облысында автожолдың бойында «фураның» тіркемесі өртеніп кетті, оны жүргізушіге оқиға куәгерлері айтып ескертті.

Аталмыш оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желідегі atbasar_live парақшасында жарияланды.

«Бүгін Атбасар маңындағы тас жолдың бойында жүріп келе жатқан фураның тіркемесінен өрт шықты. Оқиға куәгері дер кезінде жүргізушіге ескертті. Барлығымыз тіркемені ағытып, фураны өрттен аман алып қалдық. Автокөлік шиналары тиелген тіркеме түгел жанып кетті», - делінген бейнежазбада.

Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, 7 қараша күні сағат 15:14 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тасжолының 1260-шақырымында жүк көлігінің тіркемесі өртенгені туралы ақпарат түскен.

«Өрт сағат 15:40-та ауыздықталып, 16:20-да толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп толықтырды ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.