{metadescription}
Циклоннан 13 адам қаза тапты

Циклоннан 13 адам қаза тапты

Жексенбі күні Бангладеш жағалауын шарпыған «Бульбуль» циклоны кем дегенде 13 адамның өмірін жалмады.

Бұған дейін агенттік 6 адамның мерт болғып, 30 адам зардап шеккенін және 36 тұрғын із-түзсіз кеткенін хабарлаған еді. Бангладеш билігі жағдайда бақылауға алғанын мәлім етті.

«Жағдайды тұрақтандыру үшін екі күн уақыт керек», - деп мәлім етті елдің төтенше жағдайлар министрлігінен.

Үкіметтің бастамасымен жағалауда тұратын 2 млн жуық адам эвакуацияланып, уақытша баспанаға жайғасты. Циклон 6 мыңнан астам үйдің тас-талқанын шығарды. «Бульбуль» циклоны елдің бүкіл жағалаулы аймақтарын қамтыды, сөйтіп батыстағы Үндістанның Батыс Бенгалия және Одиша провинцияларына қарай бет алды. Циклон өзімен бірге нөсер жаңбыр мен екпіні секундына 28-33 метрге дейін күшейетін қатты желді ала келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде