{metadescription}
Фатима Ирназарова нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Фатима Ирназарова нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

Катар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Қазақстандық Фатима Ирназарова пневматикалық винтовкамен жылжымалы нысана көздеуден құрлық чемпионатында топ жарды. Екінші орынға қытайлық Зен Янг, үшінші сатыға Солтүстік Корея өкілі Джи Е Ри жайғасты.

Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтаған.  Айта кетелік, нысана көздеуден команда мүшесі Юрий Юрков 50 метрге үш позиция бойынша нысана көздеуден Токио Олимпиадасына жолдама алды. 

Дереккөз: Olympic.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.