{metadescription}
Босанған әйелдерді еденге жатқызып қойған

Босанған әйелдерді еденге жатқызып қойған

Өзбекстанның Қашқадария облысы Касан ауданындағы ауруханада жөндеу жүріп жатқандықтан, босанған әйелдер үш апта бойы бетон еденде жатуға мәжбүр болды.

"Сол күні менен басқа тағы сегіз әйел босанды. Палатада екі кереует қана болды. Алты әйелдің төртеуі еденде жатты", - дейді жаңа босанған ана.

Перзентханадағы бір медбике әйелдердің көбі еденде жатқанын айтқан. Бірақ мекеме басшылығы бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

"Ол кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Еденде ешкім жатқан жоқ. Жөндеу аяқталды. Қазір барлығы кереуетте жатыр", - дейді мекеме басшыларының бірі.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.