{metadescription}
Ақмола облысында жол апаттарынан 3 адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апаттарынан 3 адам көз жұмды

Демалыс күндері Ақмола облысының аумағында болған жол апаттары салдарынан 3 адам көз жұмды, оның ішінде бір бала бар.

ҚазАқпарат бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Атбасар ауданы аумағы арқылы өтетін «Алматы-Екатеринбург» тасжолының Адыр стансасы маңында болды.

«Сандықтау ауданының тұрғыны «ВАЗ 21074» көлігінің руліне ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетінде келе жатқан «Toyota Highlander» автокөлігімен соқтысты. Салдарынан «ВАЗ 21074» машинасының 59 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көлікті тізгіндеген Қостанай облысының тұрғыны – дін-аман. Қазіргі кезде, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», - деді ПД баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Ал Ақкөл ауданында «Hyundai Elantra» және «Toyota Carina» соқтығысып, соңғы көліктің 42 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы - 6 жасар бала қаза тапты. Қос көлікте болған тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

«Белгілі болғандай, «Hyundai Elantra» көлігінің 53 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп толықтырды Г.Пинчук.

Осы орайда, полицейлер боранды күндері және жолдағы көктайғаққа байланысты ақмолалықтарды жолға шыққанда сақ болуға шақырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.