{metadescription}
Алматыда үйде газ жарылып, 3 адам жарақаттанды

Алматыда үйде газ жарылып, 3 адам жарақаттанды

Алматыда көпқабатты үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Первомайка ауылындағы Постышев, 64 «В» мекенжайында барак типтес 3 қабатты үйде жарылыс болды. Онда жалдамалы пәтерлерде 12 отбасы тұрып жатқан.

Оқиға орнына жеткен апаттық-диспетчерлік қызметтің хабарлауынша, жарылыс бірінші қабаттағы №3 пәтерде болған. Қатты дүмпу үйдегі есік-терезені, ішкі қабырғаларды қиратқан. Мамандардың тексеруінен соң үйдегі газ қазандығы қирамағаны анықталды. Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға 3 пациентті жеткізді. Үшеуі да қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

«36 жастағы ер адамның денесін 100 пайыз күйік (3-дәрежелі) шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85 пайызын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі). Денесінің 22 пайызы зақымданған. Бұл пациенттің де жағдайы өте ауыр», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.