{metadescription}
Франция жағалауына 750 келі кокаин шықты

Франция жағалауына 750 келі кокаин шықты

Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған. 

Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды. Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды, деп жазады ҚазАқпарат. Ренн прокуроры Филипп Аструктың айтуынша, табылған 763 келі кокаин «Оңтүстік Америкадан келген және оның құны әлдеқайда қымбат».

«Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек», - деп мәлімдеді прокуратурада. Францияда кокаин секілді есірткілерді тасымалдағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде