{metadescription}
Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды

Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған балалар арасында төбелес болып біреуі көз жұмып, тағы екеуі пышақ жарақатын алды.

«Төбелес кезінде бір бала көз жұмып, қалған екеуі пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 -бабы 2-тармағының 1, 7, 9, 14 бөлімдері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 Айта кетейік, оқиға 10 қараша күні болған. Мектептерде қазір ата-аналармен жиналыс өткізіліп жатыр.

«Ол 10 сынып оқушысы. Жақсы оқыды, спортпен шұғылданды. Төрт баланың үлкені. Үлгілі оқушымыз суретті жақсы салды, жауапкершілігі жоғары. 10 қараша күні кешкілік балалардың жиналғанын полиция хабарлады, аз уақыттан соң көз жұмғанын айтты. Төбелестің Заречный ауылында болғанын естідік», -деді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанат Еркебаева.

Туыстары бұл жағдайды бақылауға алып, әділ сот шешімін шығаруды сұрады.

«Жастарымыз төбелесіп, бір-бірін мертіктеріп жатыр. Олар пышақпен, қарумен жүретін болды. Бір отбасы осылай аңырап қалды. Бұл Ақтөбедегі бірінші жағдай емес. Оқушылар, студенттер өзара төбелесіп кетті. Жақсы баламыздан айырылып қалдық, ол болашағынан көп үміт күттіретін еді», - деді көз жұмған оқушының нағашысы Бақтылы Елекешова.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.