{metadescription}
Иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап өлтірген

Иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап өлтірген

Тайваньда жантүршігерлік жағдай болды.  

Мемлекеттік Гаосюн қаласында иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап, жеп қойған. 8 қазанда Тайваньда 19 жастағы қыз босанған. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін жас ана нәрестенің 28 жастағы әкесімен бірге велосипедке отырып, баланы айдалаға алып барыпты. Олар баланы пластик пакетке салып, далаға лақтырып, қашып кеткен.

Қыздың психикалық ауытқуы болған екен. Сондықтан ол әлеуметтік мәселелер бюросының бақылауында болған. Бюро қызметкерлері полицияға қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлапты. Тәртіп сақшылары қызды іздестіріп, оны интернет-кафелердің бірінен тапты. Анықталғандай, ол жігітімен бірге туыстарынан және полицейлерден жасырынып, сол жерде бір ай тұрған. 

Жас ана перзентін туылған күні-ақ лақтырып тастағанын айтыпты. Оның мұндай жауабынан кейін полицейлер ата-анасы баланы тастап кеткен жерге аттанған. Алайда тәртіп сақшылары шөптің арасында жатқан нәрестенің сүйектерін тапты. 

Полиция мәліметінше, нәрестені жабаы иттер тірідей жеп қойған. Жаңа туған перзентін лақтырып тастаған қатыгез ата-ананың қандай жазаға тартылуы мүмкін екені хабарланбады. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.