{metadescription}
Әйелімен ұрсысқан ер адам белгісіз жағдайда көз жұмды

Әйелімен ұрсысқан ер адам белгісіз жағдайда көз жұмды

Ресейдегі Ленининград облысының Бор елді мекенінде ер адам полиция бөлімшесінде көз жұмды.

Ер адамның туысының айтуынша, 36 жастағы Тимур Хинчагов дүкенде әйелімен сөзге келіп қалған. Мұны естіген дүкен қызметкерлері полиция шақырыпты. Бұдан соң ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Келесі күні Хинчагов жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтқан. Жарақат салдарынан миы қатты зақымданған.

"Полиция бұл фактіні мойындамай отыр. Дәрігердің сөзін жоққа шығарды", - деді ер адамның туысы.

Олар ер адамның өзі басын қабырғаға соққанын айтады. Алайда видеоны тергеу аяқталғанға дейін марқұмның туыстарына көрсетпей отыр. Хинчаговтың өлімінен кейін Ресейдің қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлігіне ("адам денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру, адам өлімі") сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.