{metadescription}
Павлодарда жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Павлодарда жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Павлодар облысында бүтін бір отбасы жол апатына ұшырады.

Жол-көлік оқиғасына қараусыз жылқылардың жолға шығып кеткені себеп болған. Оқиға 13 қарашада кешкі сағат 19:11 шамасында Ленин-Ертіс автожолында орын алған. Полиция мәліметінше, «ВАЗ-21014» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қараусыз жүрген жылқылармен соқтығысыпты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан отағасы оқиға орнында тіл тартпай кетті. 1990 жылғы жұбайы, 2014, 2015 және 2017 жылғы балалары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - дейді полициядағылар. 

Оқиғадан кейін көлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Полициядағылар мал шаруашылығы иелеріне жайылымға шығарылған түлікті қараусыз қалдырмау керегін еске салады. 

«Әсіресе автожолдарға жақын жерде қараусыз қалдырмаңыздар. Себебі сіздің салғырттығыңыздың себебінен адамдар көз жұмып, балалар ата-анасыз қалып, ата-анасы ұл-қыздарынан айырылуы мүмкін», - дейді ведомстводағылар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.