{metadescription}
Қарағанды облысында әйел адамның өртелген мәйіті табылды

Қарағанды облысында әйел адамның өртелген мәйіті табылды

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде «ізін суытпай» екі аса ауыр қылмысты ашты.

13 қараша күні Жаңа Дубовка кентінен 2 шақырым жерде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар әйел адамның өртенген мәйіті табылды. Алдын-ала тергеу барысында жәбірленушінің тұлғасы анықталып, оның 42 жастағы Абай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағына (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің қырағы іс-қимылының арқасында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол сөзге келіспеушілік барысында жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіргенін және қылмыстың ізін жасыру мақсатында өзінің 21 жастағы танысымен бірге мәйітті өртегенін мойындады.

Қазіргі уақытта басты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану қарастырылуда. Сондай-ақ, осы күні Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үкеншіге қарақшылық шабуыл жасаған 52 жастағы Нұра кентінің тұрғынын ұстады. Ол 57 жастағы дүкеншіні тонау үшін пышақ кезеген.

Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 1-тармағына (қарақшылық шабуыл) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.