{metadescription}
Алматыда оқушыны мектеп жанында көлік қағып кетті

Алматыда оқушыны мектеп жанында көлік қағып кетті

Алматыда 7 жастағы оқушы қызды мектептің қасында көлік қағып кетті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға №68 мектептің қасында болған. Қызды жедел жәрдем қызметкерлері Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына әкелді. Баланың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«7 жастағы қыз бала түсті. Басы ауырып тұрғанына шағымданды. Баланы мультидисциплинарлы бригада тексерді. Сүйектеріне зақым келмеген, алайда оның жабық ми жарақатын алғаны анықталды. Сондай-ақ, миы шайқалған. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды», - деді Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.