{metadescription}
Файтер Талшын Жұматаева әлем чемпионы атанды

Файтер Талшын Жұматаева әлем чемпионы атанды

Аралас жекпе-жектен (ММА) ересектер мен жастар арасында Бахрейн корольдігің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Талшын Жұматаева жеңімпаз атанды.

Жарыста 50 елдің ең мықты деген 500 спортшысы бақ сынаған. 70.3 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 20 жастағы Жұматаева жарыс жолында Индия, Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Ал, Талшын финалда жерлесіміз Айжан Әбдіқадырды жеңді. Еске салайық, Талшын осы жылдың мамыр айында Тайландтың Бангкок қаласында өтен Азия чемпионатында топ жарған болатын.

"Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Осы спортқа деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді деп ойлаймын", - деді Талшын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.