{metadescription}
Әйел қара дақтың кесірінен мұрнынан айырылып қала жаздады

Әйел қара дақтың кесірінен мұрнынан айырылып қала жаздады

Англияның Питерборо қаласында тұратын әйелдің мұрнындағы қара дақ терінің қатерлі ісігі болып шықты.

2017 жылы 37 жастағы Мэнди Поллард мұрнында кішкентай қара дақтың пайда болғанын байқаған. Алайда оған мән бермепті. Алайда өсінді ұлғайып, кеше қансырай бастағаннан кейін, әйел дәрігерге қаралуды ұйғарады. Ол дәрігер өзіне иісмай жағуға кеңес береді деп ойлаған. Алайда хирург Поллардқа тері трансплантациясын жасау керегін айтыпты. Керісінше жағдайда, әйел 5-10 жылдан кейін мұрнынан айырылады екен. Дәрігер оған мұрнындағы дақтың қатерлі ісік екенін айтқан. 

Хирург ота барысында Поллардтың мұрнының бір бөлігін кесіп алып тастап, орнын әйелдің бетінен алынған терімен жапты. Ендігі пациент отаның сәтті өткен-өтпегені қашан белгілі болатынын күтуде. Керісінше жағдайда, ол мұрнының біраз бөлігінен айырылуы мүмкін.

Поллард қазір үйден шықпайтынын айтты. Ол ата-анасының үйіне барғанда, жолда адамдарға мұрнын көрсетпеу үшін, қолымен жауып жүреді екен. Бұған дейін ол әдемі киініп, бетіне опа-далап жағып, жасанды кірпік тағуды ұнатқан. Алайда қазір мұның бәрін уақытша ұмытуға тура келді, дейді ол. Сонымен қатар Поллард өзінің хирургіне алғыс білдірді. Ол өзгелер де біліп жүрсін деген ниетпен өзінің оқиғасын бөліскенін айтады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.