{metadescription}
Елорда орталығында көлік жанып кетті

Елорда орталығында көлік жанып кетті

Елордада «Нива» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ТЖК.

«15 қарашада сағат 17.10 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне «Нива» көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салоны өртеніп жатқанын анықтаған», - деді комитет.

Уақтылы қолға алынған шаралардың арқасында бар-жоғы екі минуттың ішінде өрт толығымен ауыздықталған. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 1 арнайы техника жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.