{metadescription}
Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап кеткен

Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап кеткен

Жамбыл облысында полицейлер кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдіктіні ұстады.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды.

«Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «103» жедел жәрдем қызметінен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының Полиция департаментімен Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі және 121-бабы 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жамбылдық полицейлермен ауыр қылмысты жасаған күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Жәбірленуші күдіктіні таныды. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп жазды ол.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.