{metadescription}
Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді қағып, сүйреп әкетті

Шымкентте көлік жүргізушісі полицейді қағып, сүйреп әкетті

Шымкент қаласында көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып, оны капотқа құлаған күйінде сүйреп әкетті.

Оқиға 15 қарашада қала көшелерінің бірінде орын алған. Полиция мәліметінше, Daewoo Nexia маркалы көліктің жүргізушісі жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерінің тоқтау туралы талабын ескермеген. Мұнан кейін ол полицейді қағып кетіп, көлігінің капотына құлаған күйінде 50 метр жерге сүйреп әкетіпті. Мұнан кейін жүргізуші тоқтады. 

Ведомстводағылар аталған деректің Қылмыстық Кодекстің «Билік өкілінің өміріне және денсаулығына қауіпті күш көрсету» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Видеожазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Дереккөз: Stan.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.