{metadescription}
Хат жазып қалдырған: Оралда 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады

Хат жазып қалдырған: Оралда 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады

Оралда 17 жастағы жасөспірім биіктен секіріп мерт болды.

Ол мұндай қадамға бармас бұрын хат жазып қалдырыпты. Қайғылы жағдай 14 қарашада Әбілхайыр хан даңғылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім 4-қабаттың терезесінен секіріп кетіпті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері жасөспірімді қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. 

«Өкінішке орай, жас жігіт алған жарақаттарының салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді ведомстводағылар. 

БҚО полиция департаменті аталған ақпаратты растады. Полиция мәліметінше, жасөспірім өлімінің алдында хат жазып қалдырған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.