{metadescription}
Дәрігер баланың мұрнынан тірі балықты алып шықты

Дәрігер баланың мұрнынан тірі балықты алып шықты

Үндістанның оңтүстігінде дәрігер 13 жастағы жеткіншектің мұрнынан тірі балықты алып шықты.

10 қарашада жеткіншек үйінің маңындағы өзенге түскен. Осы кезде мұрнына балық кіріп кетіпті. Артынша жеткіншектің ата-анасы оны ауруханаға алып барған. Жеткіншек мұрнының қатты ауыратынын айтып шығамданыпты. Дәрігерлер оны тексергеннен кейін, мұрнында балық бар екенін анықтады. Ол әлі тірі болып, жыбырлап жатқан. 

Дәрігерлер пациенттің мұрнынан балықты қысқышпен алып шықты. Бұл процедураны жасау үшін 30 минут қажет болды. Дәрігер баланың мұрнынан балықты алып жатқанда, оның басын бірнеше адам ұстап тұрды. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.