{metadescription}
Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

Жол апатынан көз жұмған ер адамның құжаттары болмаған, енді полиция оның кім екенін анықтауы тиіс.

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді. Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды. Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Алматыда рөлге мас күйінде отырған қыз ер адамды қағып өлтірді. Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр. Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды. Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.