{metadescription}
Атыраулық оқушы пластиктен кірпіш жасады

Атыраулық оқушы пластиктен кірпіш жасады

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ермек Кеңесов химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа түрін ойлап тапты.

«Мен бұл жобаны зерттеу үстінде БҰҰ-ның деректері бойынша пластикалық қалдықтар жыл сайын әлемде 1 миллионнан астам құстың өліміне, 100 мыңға жуық судағы сүтқоректілер мен балықтардың жойылуына себепші болатынын анықтадым. Пластикалық пакеттер Тынық мұхитында қоқыстардың аралына айналып барады. Мұның барлығы антропогендік әрекеттердің салдарынан туындайтыны шындық», – дейді Ермек.

Жас өнертапқыштың айтуынша, мұндай жағдайдан шығудың жолы — пластикалық қалдықтарды өңдеу арқылы қайта қолдану. Ермек бұл идеясын іс жүзінде дәлелдеу үшін кәдімгі қиыршық тас, топырақ және пластмассалық қалдықтарды пайдалана отырып пласткірпіш жасап шығарды. Алдымен ол өнімнің экономикалық тиімділігін анықтау мақсатында полимердің аддитивтік және конденсациялық қасиеттерін физика мен химия пәнінде зерттеген. Сондай-ақ көптеген деректерді ғаламтор және дәстүрлі әдебиеттерден іздегенін айтады. Кейін пластмассаларды бөлшектеу үшін тіпті қатты картоннан гидравликалық аппарат жасағанын айтты.

Тәжірибенің соңында пласткірпіш дайын болып жобаның жұмысы сәтті аяқталды. Алғашқы өнім нарықтағы кірпіштен кем емес. Себебі оның тығыздығы, суды сіңіруі және аязға тұрақтылығы талапқа жауап береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.