{metadescription}
Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді

Олжаға кенелген ер адам қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты.

Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ұлыбритания тұрғыны Кевин Фрэнсис миллион фунт стерлинг (500 млн теңгеге жуық) ұтып алды. Ол ауырып жатқан әйеліне лотерея билетін алған. Ер адам 75 жастағы әйеліне сыйлық жасамақ болыпты.

"Бренданың денсаулығы сыр берді. Сондықтан  скретч-карталар көңіл-күйін көтереді деп шештім. Мен миллион ұтқаныма сенбедім. Билетке қайта-қайта қарай бердім. Бір сағат бойы әйеліме ұтыс туралы айтқан жоқпын. Ал айтқан кезде ол тіпті сенбеді", — дейді Фрэнсис.

Ұлыбритания тұрғыны қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ол суда жүзуді үйренбек, деп жазады sputniknews.kz.

"Мен үнемі теңіз жағалауында тұратынмын. Жүзу білмеймін. Үйренуге ақшам да, уақытым да болмады. Енді осындай мүмкіндік туды", — дейді ер адам.

Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.