{metadescription}
Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 18 қараша күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады деп болжап отыр.

Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында ауа райына байланысты ескерту жаияланды. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарында 18 қараша күні тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда 18 қарашада көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа райының бұзылу ықтималдылығы 90-95%.

Ақмола облысының бірқатар аумақтарында 18 қарашада тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Дереккөз: Қазгидромет

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.