{metadescription}
Әуежайда екі ұшақ соқтығысып қалды

Әуежайда екі ұшақ соқтығысып қалды

Сенбі күні кешкісін Германияның Франкфурт-на-Майне қаласының әуежайында екі ұшақ кездесіп қалды.

Жексенбі күні DPA агенттігі аталмыш әуежайдың операторына сілтеме жасай отырып, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Себебі екі ұшақ та өте төмен жылдамдықпен келе жатқан.

Соқтығысқан Korean Air және Air Namibia компанияларының ұшақтары. Көліктердің бірінің рөліне, екіншісінің бір қанатына зақым келген. Кореялық компанияның ұшағы жексенбі күні ғана Сеулге ұшты. Жолаушыларға қонақ үйлердің бірінен орын берілді.

Fraport әуежайының оператор-компаниясы мамандардың осы оқиғамен байланысты барлық мәліметтерді жинап жатқанын хабарлаған. Сарапшылар «қара жашіктің» ақпараттарын зерделеуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.