{metadescription}
Елордада мұздай қаруланған жігіт ұсталды

Елордада мұздай қаруланған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтанда полицияның мұздай қаруланған адамды ұстағаны түсірілген видео желіде жарияланды.

14 қарашада әлеуметтік желіде көлік ішінде бірнеше қаруды қолына ұстап көрсетіп, "Астана біздікі", тағы бірінің "Қазір бәрін қырып саламыз" деген видеосы тараған еді. Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, роликке түскен 24 жастағы жігіт 2017 жылы "Бұзақылық" пен "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" баптары бойынша істі болып, бес жылға сотталған. Алайда 4 қаңтарда сот мерзімнің қалған уақытын бас бостандығын шектеу жазасы түрінде өзгерткен.

Жігіт Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробациялық бақылауында болған. Қазіргі уақытта бас бостандығын шектеуді нақты бас бостандығынан айыру түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс беру мәселесі шешілуде.

Бұл видеодағы көлік рөлінде отырған ер адам да анықталып, қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.