{metadescription}
Қазақстанда «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанда «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министр қазіргі уақытта 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірленгенін, оның нақты 5 міндеті бар екендігін айтты. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру атты бірінші міндеттің аясында тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізіледі. Айқындаушы фактор - халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады.

«Бақытты отбасы бағдарламасы бұрынғыдай 2-ден төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға, 3,1-ден (92 мың теңге) төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1-ден ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы ұсынылады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, азаматтар бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде