{metadescription}
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

18 қараша күні таңертең «БМВ-530» автокөлігі Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласының көшелерінің бірінде жол шетіндегі ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі мен оның бір жолаушысы жан тәсілім етті. Тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат салдары тергеу барысында анықталатынын айтты. Тәртіп сақшылары күннің суытып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілер қысқы дөңгелектерге көшуі қажеттігін ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде