{metadescription}
Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жасында блогер атанды

Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жасында блогер атанды

Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жасында Instagam желісінде парақша ашқан.

Екатеринбург қаласының 97 жастағы тұрғыны Алефтина Груздкова әлеуметтік желіде өз парақшасын ашып, онда күнделікті жазба қалдырып тұрады. Жазбаларында қарт әжей көбіне өлең жолдарын оқып, соғыс кезінде оқиғаларды еске алып отыратын көрінеді. 

Әженің инстаграм парақшасында жазылушылары мен оқырмандары көп. Кәрілік жеңіп, денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатып қалған кездері де строизін күн сайын жаңалап, арнайы пост жазып отырады. Қарт блогер әлеуметтік желінің мүмкіндігін тарихты түгендеп, жастар біле бермейтін құнды деректерді насихаттауға пайдалану қажет деп санайды.

Алғашында немересінің желідегі парақшаларынан көрініп тұрған әжей көп ұзамай жеке парақша ашып, Instagram-да жұлдыз болды. Қазіргі кезде ардагерден сұқбат алуға Австралиядан, Нидерландыдан, Жаңа Зеландиядан, Кипрдан және АҚШ-тан да адамдар келген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.